Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) туған күнінің жылдығы исламдық үмбетттің бірлігі туралы ойланатын ең жақсы мұрсат. Бүкіл әлемдіктер үшін Алланың рақымы болып, 14 ғасырдан артық уақыт өткенімен болмысының нұры адамгершілік, рақым мен махаббатың үлгісі болып, жүректері мұз болып қатып қалған жандарға қайтадан өмір сыйлап отыр. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға ғашық болу әлемнің жер-жеріндегі бір жарым миллиард мұсылмандардың ең үлкен ортақ қасиеттерінің бірі. Осыдан 35 жыл бұрын исламдық Иранда раби ул-аууал айының он екісі-он жетісі аралығы «Бірлік апталығы» деп аталып, Исламның ұлық пайғамбарының болмысы мен сүннеті исламдық мазхабтардың арасында бірліктің ең мықты жетістіктерінің бірі ретінде таныстырылды.
Айта кететін жайт, сүннит мұсылмандар раби ул-аууал айының он екінші жұлзыын, ал шиіттер осы айдың он жетінші жұлдызын Исламның ұлық пайғамбарының туған күні санайды. Екі күннің аралығын «Бірлік апталығы» деп атау ұсынысын әлем мұсылмандары, әсіресе исламның әртүрлі мазхбатарының ғалымдары жылы қарсы алды.
Қазіргі кезде Ислам дінінің дұшпандары басқа кез келген уақытпен салыстырғанда ислам мазхабтарының арасына жік салуға көбірек әрекет жасауда. Ислам тарихында исламдық үмбетке мұндай қысым көрсету мен исламдық мазхабтардың арасын жіктеу мақсатында мұндай әрекет аз кездесті деп айтуға болар. Бөгделердің қулықтары мен алдап-арбаулары мен бірге мұсылмандардың надан әрі хабарсыз топтары да мазхабтар арасында өртті өршітуге талпынуда. Өкінішке орай, дін мен тарихтың шындықтарынан хабарсыз болу әртүрлі мазхабтардың жақтастарын бір-біріне қарсы қоятын кейбір мейірімсіздіктерінің негізгі себептерінің бірі саналады. Адамдардың дін туралы білімдері артқан сайын олар бірлік пен бауырластықты да көбірек қалайтын боладыы. Өйткені әртүрлі мазхабтардың ғалымдары мазхабтардың кейбір мәселелер бойынша қайшылықтарынан хабардар болғанысынды мазхабтардың көптеген ортақ негіздерінен де хабардар. Тек уаххабшылардың басшыларының пікірлері өзгеше. Негізінде ваххабизм исламдық мазхабтардың қатарына жатпайды. Тіпті сүннит ғалымдарының көбі ваххабизмді жасанды әрі Исламның шындықтарынан алыс ағым деп санайды. Уаһабшы шейхтер әрқашан іріткі салу дабылын ұрып, исламдық үмбетті қайшылықтарға тірегісі келді. Бірақ сүнниттер мен шиіттердің танымал ғалымдары «Әл Имран» сүресінің «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» деп айтылған 103-ші аятына тоқталып, исламдық үмбеттің қиындықтарын шешу мақсатында мұсылмандарды бірлікке шақырды.