Сафар айының 28 жұлдызы — Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) дүниеден озған күні және хазіреттің немересе имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) шәһид болған күні.
Имам Хасан Моджтаба Алла елшісінің тұңғыш немересі, ол хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) перзенті. Құранның көрінісі болған және өзінің күресімен және шыдамдылығымен әлемнің барлық іздеушілерінің алауына айналған ұлы имам (ғ.с.) дәл осындай күні шәһид болды.
Әлемнің барша мұсылмандарына Исламның ұлық пайғамбарының дүниеден озған және хазіреттің немересі имам Хасан Моджтабанының (ғ.с.) шәһид болған күніне орай көңіл айтамыз.
Хазірет Фатиманың (ғ.с.) перзенті хиджраттың үшінші жылының рамазан айының 15 жұлдызында дүниеге келді. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) Алланың теңдессіз жаратылыстары, яғни Пайғамбар (с.ғ.с.), хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) ортасында тәрбиеленіп, бірте-бірте исламдық үмбетті басқаруға дайындалды. Бұл тұлғалар, әсресе Алла елшісі әртүрлі әдістермен имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) қадір-қасиеті туралы халыққа жеткізді. Хазірет немересі имам Хасанның (ғ.с.) ерекшеліктерімен мұсылмандарды таныстырды
Имам Хасан (ғ.с.) мұқтаждар мен мақұрымдардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көп күш салды. Имам қасына келген ешбір адамды көмексіз қалдырмайтын. Имам Хасан (ғ.с.): «Біз – жүректерде үміт бүршіктерін гүлдендіреміз. Біз адамның абыройын төкпей, ол сұрамай-ақ, оның керегін береміз», — деген болатын.
Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасанның (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығына байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.