Бүгін имам Резаның (ғ.с.) шәһид болған күні әртүрлі елдер мен әртүрлі мәдениетке ие мыңдаған зияратшы исламның ұлық пайғамбары мен оның әулетіне сүйіспеншіліктерін білдіру үшін осы қасиетті мекенге жиналды. Қасиетті кесененің әр жерінен Құран аяттары мен дұға оқып отырған дауыстар естіледі. Бұл жамағат өз имамының шәһид болған күні жасқа толы көздері мен жүректеріндегі сезімдерімен қасиетті мекенді рухани кеністікке бөлеу үшін жиналған. Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде болу сөзбен айтып сипаттауға келмейтін жағдай. Бүгін – пайғамбар әулетіне сүйіспеншілік білдіретін адамдар үшін олармен қайтадан келісім жасайтын отыратын мұрсат.
Имам Резаның (ғ.с.) шәһид болған күніне орай әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.
Хазірет Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.) әкесі Алланың шынайы пендесі имам Казем (ғ.с.) және пәктігімен танымал анасы Нәджменің жанұясында дүниеге келді. Нәджме Хатун өте ақылды әрі беделді әйел болды. Имам Резаның (ғ.с.) аты – Әли, лақап аты – хазірет Әбу әл-Хасан болған. «Реза», яғни ризалық білдіруші. Бұл хазіреттің ең белгілі лақабы. Оның баласы имам Джавад (ғ.с.) әкесіне мұндай лақаптың берілгені туралы: «Алла Тағала оған «Реза» деген лақапты сыйлады, өйткені Жаратушы аспанда, Алланың Елшісі мен имамдар жерде оған риза болған. Сонымен қатар оның жақсылығы мен ниетіне қарай достары және жақындарымен қатар дұшпандары да оған риза еді»,- деген. Пайғамбар әулеті ұрпақтарының бірі имам Реза (ғ.с.) халықты имамат пен жақсылыққа шақырды. Ғылым, сабыр, батылдық пен тақуалық – Алла Елшісінің әулетіне тән сипаттар.