Үй ЖАҢАЛЫҚТАРДінИмам Садық (ғ.с.) – Пайғамбар (с.ғ.с.) жолын жалғастырушы

Имам Садық (ғ.с.) – Пайғамбар (с.ғ.с.) жолын жалғастырушы

by Canews24.com

Раби ул-аууал айының 17  жұлдызы – Алланың елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) және хазіреттің ұрпағынан шыққан имам Садықтың (ғ.с.) туған күні. Бұл екі тұлғанының туған күнінің бір күнге келуі олардың адамзат қоғамын  дұрыс жол  мен бақытына қарай нұсқау үшін маңызды рөл атқарғандарын еске салады. Ғалымдар, тарихшылар мен зерттеушілер хазірет Мұхаммадтың  (с.ғ.с.) өмірінің әртүрлі тұрғыларына тоқталды. Дін көшбасшылары, ең жақын таңдалған және уахи мектебімен таныс адамдар ретінде жаратылған әлемнің бірегей тұлғасын терең зерттеп, хазіреттің өмірі, күресі және ілімімен таныстырды. Имам Садық (ғ.с.) осындай көшбасшылардың бірі болды.

Шиіттердің алтыншы имамы қамари жыл санағы бойынша 83 жылдың раби ул-аууал айының 17 жұлдызында  дүниеге келіп, әлемді өз нұрына бөледі. Әкесі имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) баласын Джафар деп атады. «Джафар» деген сөздің көптеген мағнасы бар, олардың бірі жәннәттағы бұлақ. Имам Бақер (ғ.с.) перзентін Джафар деп атады, өйткені ол жәннәттағы бұлақтардың мөлдір суы сынды өмірді жандандырды. Имам Джафар Садық  (ғ.с.)  «Сабыр», «Пәк», «Кемел» және «Айбынды» деп атаған. Олардың ішінде танымал лақап аты – «Садық» және күние аты – Әбу Абдолла. Имам Садық (ғ.с.) шынайы уағыздаушы және Пайғамбар дінінің жақсы үлгісі болды,  имам (ғ.с.) Алла елшісінің тек ерекшеліктерін сипаттаумен шектелмеді. Имам Садықың (ғ.с.) пікірінше, Исламның ұлық пайғамбарының ең маңызды ерекшелігі – адамгершілік. Пайғамбар (с.ғ.с.) шариғат пен ақиқатты туралы бір сөйлеммен айтқысы келгенде: «Мен имандылықтың ізгісі үшін жіберілдім», — деген. Имам Садық (ғ.с.): « Алла Тағала өзінің пайғамбарын адамгершілік қасиеттерімен ерекшелендірді. Сондықтан сіз өзіңізді сынап көріңіз, егер сізде адамгершілік қасиеті болса, Алланы мадақтаңыз және одан көбірек қамқорлық жасауын сұраңыз. Ал әлеуметтік, отбасылық және тіпті жеке өмір, егер адамгершілікпен бірге жүрсе, бақытты және көңілді болады», — деп айтатын.

Мейірімділіктің  көрінісінің бірі — кез келген жағдайда басқаларға көмектесу. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылды: «Түндердің бірінде имам Садық (ғ.с.) қаланың кедей үйіне барып көмек көрсеткен кезде, серіктерінің бірі еріп жүріп, хазіретке көмектесті. Мұқтаж адамдарға азық-түлік апарып берген соң, ол имамнан: «Көмектескен адамдардың шиіт және сіздердің достарыңыз екеніне сенімдісізбе?»- деп сұрады. Имам Садық( ғ.с.): «Олардың ешбіреуі шиіттерден болған жоқ. Егер шиіттерден болғанда, олармен тіпті дастарханымдағы түзбен бөлісетін едім»,- деп жауап берді». Имам Садық (ғ.с.) өзінің басқа бір сөзінде: «Күнәһарлармен қарым-қатынаста жақсы сөзбен және олардың жақсы істерін айту арқылы олардың үмітін жандандыру керек. Керісінше зорлық-зомбылық  пен балағаттан аулақ болған жөн»,- деді.

Имам Садық (ғ.с.) пәк имамдардың (ғ.с.) арасында «Шейх әл-Имам» деген атпен белгілі және шамамен 65 жыл өмір сүрген. Имам Садық (ғ.с.) исламдағы, әсіресе шиіт мектебіндегі ықпалды имамдардың бірі болды. Шиітер ілімдердің 90 пайызы осы ұлы имаммен айтылған және бұл кісі  ахлақ, өмір салты, медицина негізін қалаушы, басқаша айтқанда, имам Садық (ғ.с.) – шиіттер ой-пікрінің негізін қалаушы, шиіт мазхабы «Джафари мазхабы» деп аталады.

Имам Садық (ғ.с.) білімді ислам үкіметін, содан кейін ислам өркениетін құрудағы негізгі күш ретінде қарастырды және рауаяттардың бірі бойынша, «Ілімнің сұлтаны» деп атанды.   Омейядтар мен Аббасидтер арасындағы дау имам үшін алтын мүмкіндік туғызды және екінші жағынан мұсылмандар арасында түсінуге және зерттеуге жағдай тудырды. Имам Садық (ғ.с.) осы ілім майданың басқарды.   Имам Садық (ғ.с.) Медина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітін өзінің оқу орны етті және адамдар алыс-жақыннан ағылып, әртүрлі сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.