14
Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы Мәскеу-Абу-Даби бағытын Иран арқылы қайта жандандырды, тоқтатылғаннан бергі алғашқы рейс Иран аспанында бейсенбі, 1 қазанда орындалды.
«Аэрофлот» бүгін жасаған мәлімдемесінде Мәскеуден Абу-Дабиге жоспарлы рейстерді қайта жандандырғанын хабарлады. Жеті айлық үзілістен кейін бұл бағыт бойынша алғашқы рейсті Boeing 737-800 ұшағы орындады.
Тағы бір ресейлік әуе компаниясы — «Победа» да қыркүйек айында Мәскеу мен Махачкаладан Дубайға рейстерді бастады.
Сонымен қатар, Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалали жақында екі ирандық әуе компаниясының Ресейге аптасына алты күн рейс орындайтынын мәлімдеді. Ресей ресми тұлғалары АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларымен келіспейтіндерін бірнеше рет білдірген болатын.