Үй ЖАҢАЛЫҚТАРОрталық АзияҚытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығында Қазақстан делегациясының қатысуымен IX-шы Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесі басталды

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығында Қазақстан делегациясының қатысуымен IX-шы Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесі басталды

by Canews24.com

Sputnik- Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ҚХР мемлекеттік кеңесі премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында өтті.

Келіссөз барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына $30 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестиция құйып, еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналды.

Көрме дәстүрлі түрде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі халықаралық платформаларының бірі болып табылады. Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Қытайдағы ірі көліктік, логистикалық және сауда орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Вице-премьердің айтуынша, Үрімжідегі Экспо көрмесі биылғы жылы өнеркәсіптік ынтымақтастыққа, өзара инвестицияға және өндіріс тізбегін дамытуға тың серпін беретін жаңа бірлескен жобалардың бастау нүктесі болады.

«Қазақстан» ұлттық павильоны 30-дан астам отандық компаниялардың өнімдерін ұсынды. Көрме 29 маусымға дейін жалғасады.