61
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күні жариялаған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», — деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз толқыны ағызып әкеткен. Олардың 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Тоқаев Үкіметтік комиссияға болған оқиғаның мән-жайын анықтауды және қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.