Үй ЖАҢАЛЫҚТАРОрталық АзияҚазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

by Canews24.com

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын айтты. Ведомство сайтында ресми статистикалық деректері бар электронды кесте жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 562 993 адам (1 сәуірде – 20 547 909 адам) тұрды. Жыл басынан бері халық саны 63 171 адамға өсті.

Қазақстандықтардың басым бөлігі — 13 153 726 адам — қалаларда тұрады. Ең тығыз қоныстанған мегаполис ретінде Алматы қаласы қалып отыр — мұнда 2 362 463 адам тұрады.

1 миллионнан астам адам Астана (1 668 750 адам) және Шымкентте (1 305 620 адам) қалаларында тұрады.

Халқының саны миллионнан асатын облыстар:

Түркістан облысы — 2 146 817 адам;

Алматы облысы — 1 609 784 адам;

Жамбыл облысы — 1 214 040 адам;

Қарағанды облысы — 1 131 090 адам.