Үй ЖАҢАЛЫҚТАРОрталық АзияҚазақстан мен Сауд Арабиясы пайдалы қазбалар саласындағы әріптестікті күшейтеді

Қазақстан мен Сауд Арабиясы пайдалы қазбалар саласындағы әріптестікті күшейтеді

by Canews24.com

Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

— Кездесу барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды, — делінген хабарламада.

Тараптар екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.