18
Бішкектегі ШЫҰ саммитінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағалығын Пәкістанға беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттіктің меншікті тілшісі оқиға орнынан.
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев бұл туралы жергілікті және халықаралық БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- Бүгін ШЫҰ-ға төрағалық Пәкістан Ислам Республикасына өтеді. Біз пәкістандық әріптестерімізді құттықтаймыз және оларға сәтті әрі өнімді төрағалық тілейміз. Қырғыз Республикасы қажетті көмек көрсетуге, сабақтастықты қамтамасыз етуге және басқа мүше мемлекеттермен бірлесіп, Бішкекте қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды жалғастыруға дайын, — деді министр.
ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Пәкістан төрағалығының тақырыбы белгілегенін айтты: «Көзқарастан инновацияға: инновация мен өркендеуді байланыстыру».
- Пәкістан Ислам Республикасының Лахор қаласы 2026–2027 жылдарға арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымының туризм және мәдени астанасы болып жарияланды. Пәкістан жақын арада өзінің төрағалық жоспарын ұсынады. Біз оның Қырғызстанның төрағалығымен бірдей жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеміз, — деді ол.