Үй ЖАҢАЛЫҚТАРОрталық АзияӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Иранның көрнекті ақыны Шахриярдың туған күніне орай әдеби кеш өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Иранның көрнекті ақыны Шахриярдың туған күніне орай әдеби кеш өтті

by Canews24.com

18  қыркүйекте шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында парсы және әзірбайжан тілдерінде қатар қалам тартқан ирандық ақын Шахриярдың туған күніне арналған шара өтті.

Кештің ашылуында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Суна Ахмади ханым, Бас консулдық жанындағы Иран Мәдени Өкілдігінің басшысы Мохамммед Масуд Садеқи мырза,  шығыстану факультетінің деканы М.Ш. Егамбердиев сөз сөйледі. Кеште ирантану бөлімі студенттері ақынның өлеңдерін парсы тілінде оқып, оның өмірбаяны мен шығармашылық жолына арналған презентацияны жиналған қауымға ұсынды. Аға оқытушы Әтейбекова Нұрзия Шахрияр сериалымен таныстырды. Халықаралық қатынастар факультетінде тағылымдамадан өтіп жатқан әзірбайжандық магистрант Шахрияр өлеңін әзірбайжан тілінде оқыды.

Бұл шараның мақсаты – студенттерді Ираннның ұлы ақынының шығармашылығымен таныстыру, ақын жырлаған рухани құндылықтарды насихатттау, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды дамыту.

Шараның екінші бөлігі ирантану бөлімінің 1 курсқа қабылданған студенттерімен танысуға арналды. Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Суна Ахмади ханым студенттерді жаңа қадамдарымен құттықтап, оларға арнайы сыйлықтар тапсырып, сәттілік тіледі.

Кешке дипломатиялық корпус өкілдері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Дайындаған: Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің аға оқытушысы Айман Жұбатқанқызы Боранбаева