Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарын қорытындылай келе, екі жақты қарым-қатынаста гуманитарлық байланыс ерекше рөл атқаратынын мәлімдеді. Бұл екі ел мен халықтар арасындағы ұзақмерзімді сенімді нығайтады.
— Екі ел мен азаматтар арасындағы тығыз, тату көршілік, іс жүзінде туыстық қарым-қатынасты сақтау өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ұзақ мерзімді тарихи перспективаға сенім деңгейін қалыптастырады, — деді Путин.
Ресей Президенті сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
— Бізде сауда айналымы рекордтық деңгейге жетті. 20 миллиард доллардан асты және бұл одан әрі өсуге оң тенденция көрсетеді, — деп атап өтті ол.
Путиннің айтуынша, Астанадағы келіссөздер тек ағымдағы ынтымақтастықтың нәтижелерін қорытындылауға ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Нақтырақ айтқанда, тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жеті негізгі бағытын белгіледі.
Ресей мен Қазақстан іс жүзінде барлық есеп айырысуды ұлттық валютада жүргізеді, бұл өзара сауданы сыртқы әсерден қорғауға көмектеседі. Бұл туралы Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған келіссөзден кейінгі брифингіде Ресей Президенті Владимир Путин мәлім етті.