Үй ЖАҢАЛЫҚТАРОрталық АзияҚазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды

Қазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды

by Canews24.com

Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, биыл жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектар болса, оның 15,6 млн гектары дәнді және бұршақты дақыл.

«Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды», — деді ол.

Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Негізгі астық егілетін өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған дизель отынының бір литрінің құны 305-310 теңге. Бұл нарықтық бағадан 10%-ға төмен. Бүгінгі таңда өңірлерге 65,8 мың тонна отын жөнелтілді.

Дәнді және майлы дақылды кептіруге алдын ала 60 мың тонна сұйытылған газ бөлінген.

Отырыста астық қоймасының дайындығына ерекше назар аударылды. Жалпы сақтау қуаты 30,7 млн тонна болса, ағымдағы жүктеме 2,4 млн тонна (17%).